Білім

Жерлестеріміз “Зерде” республикалық байқауында үздіктер қатарынан көрінді

3 гран-при мен 17 жүлделі орын. Биыл солтүстікқазақстандық оқушылар алғаш рет XV республикалық «Зерде» байқауынан мол олжамен оралды.

Сайыс қаңтардың 25-сі мен 30-ы аралығында Щучинск қаласында өткен. Оған 1-ші және 7-ші сыныптардан 22 бала қатысыпты. Оның 8-і аудандардан келген. Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге тиісті сертификаттар табыс етіліпті.

Үздіктер қатарынан көрінгендердің бірі – Қожаберген жырау атындағы №6 орта мектебінің 2-ші сынып оқушысы Айша Амантай.

Айша Амантай – Қожаберген жырау атындағы №6 орта мектебінің оқушысы:

– Мен қазақ тілі мен қазақ әдебиеті пәнінен қатыстым. Біз онда жұмбақтар әлемі атты үстел ойынын құрастырдық. Тағы, ғаламторда “Асыл мұра” арнасын аштық.

Эльмира Садвокасова