Спорт

Хоккейшілеріміз жеңіліс тапты

Кеше солтүстікқазақстандық «Qulager» ХК сырт айдында павлодарлық “Ертіспен” алғашқы кездесу өткізді.

Матчта керекуліктердің айы оңынан туды. Олар жерлестерімізді 4 те 2 есебімен тізе бүктірді. Петропавлдық құрама сапынан Дмитрий Исмагилов пен Денис Стасюк көзге түсті. Құлагерліктер жеңілгенімен турнирлік кестеде 6-шы орынды сақтап қалды. Қос команда арасындағы қарымта ойын бүгін кешкі сағат 19:00-де басталмақ.

 

Актолкын Солтанханкызы