ТЖҚоғам

Жалған шақырту үшін жаза бар

Өткен жылы облыс бойынша “101” нөміріне 4 рет жалған қоңырау шалынған. Тағы 138 шақырту расталмаған. Осы орайда айта кетейік, ойнап шалынған қоңырау үшін жаза қарастырылған.

Бұндай әрекетке барған адам Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 438-бабы бойынша айыппұл төлейді. Ал террорлық акті туралы жалған ақпарат таратқан жан Қылмыстық кодекстің 273-бабына сәйкес 5 жылға дейін бас бостандығынан айырылады.

Дана Ешкенова