Әр түрлі

«QYZ UZATÝ» мен «TOBYL OISHYLY» монеталары сатылымға шықты

Ұлттық банк коллекциялық монеталардың жаңа түрін сатылымға шығарды. Номиналы 500 теңгелік «QYZ UZATÝ» мен «TOBYL OISHYLY» тиындары 13 және 10 мың теңгеден саудаланып жатыр. Ел бойынша бұлардың жалпы тиражы 34 мың дананы құрайды.

Мәселен, «QYZ UZATÝ» деп аталатын тиын таза күмістен жасалған. Қалыңдықтың бас киімі сәукеле – монета дизайнындағы ең негізгі элемент. Анықтап қарайтын болсақ, сәукеленің ортасына 1 миллиметрлік гауһар тас жапсырылған. Ал «TOBYL OISHYLY» дегені де жоғары сұрыпты күмістен жасалынған екен. Оның ортасында тантал металынан жасалған адам мүсіні бейнеленген.

Самат Жүсіпов – «ҚР Ұлттық банкі» РММ СҚФ жетекші кассирі:

– «QYZ UZATÝ» монетасының салмағы – 24 грамм. Диаметрі – 37 мм. Ел бойынша бұл тиынның тиражы – 3 мың дана. Бағасы 10 мың теңге тұрады. Ал «TOBYL OISHYLY» монетасының диаметрі – 38,61 мм. Ортасындағы тантал құймасының салмағы 13,5 граммды құрайды. Құны -13 мың теңге. Сондай-ақ, 500 теңге тұратын мынадай мельхиордан құйылған «QYZ UZATÝ» тиыны да бар.

Маржан Қасымбек