Төбелесіп, адам өлтіргендерге сот үкім шығарды

МТРА жаңалықтары

21:58 29 Қаңтар 2020

Төбелесіп, адам өлтіргендерге сот үкім шығарды. Осыдан шамамен 6 ай бұрын Петропавлдағы “БЛЮЗ” мейрамханасында Қажымұрат Аюп пен Әкімбай Сәдібеков  28 жастағы азаматты соққыға жыққан болатын. Төбелестің салдарынан қайтыс болған Александр ТрУбниковтің өліміне қатысты  қалалық сот екеуін кінәлі деп таныды. Олар енді жазаларын темір тордың ар жағында өтейтін болады.

Оқиға Петропавлда былтыр тамыздың 3-інен 4-іне қараған түні орын алды. Қажымұрат Аюп пен Әкімбай Сәдібеков «Блюз» мейрамханасына демалып отырады. Кейін би алаңында Александр Трубниковпен жанжалдасып қалады. Әкімбай Сәдібеков мәселені ғимараттың сыртында шешпекші болып жәбірленушіні шығаберісте соққыға жыққан. Мұны байқаған Қажымұрат Аюп жеке өзі Александр Трубниковты нысанның арт жағына апарып төмпештей бастайды. Ауыр соққыдан зақым алған 28 жастағы жігіт сол жерде жазым болады. Марқұмның артында әйелі мен 3 жасар қызы қалды.

Сәуле Литфуллина – Петропавл қалалық сотының судьясы:

–  Әкімбай Сәдібеков жазасын 1 жыл 6 ай бойы қауіпсіздік жағдайы төмен мекемеде өтейді. Ал бұзақылық ниетпен денсаулыққа қасақана зиян келтіріп, абайсызда жәбірленушінің өліміне себепкер болған сотталушы Қажымұрат Аюп 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылды. Ол жазасын қауіпсіздік жағдайы орташа мекемеде өтейді.

Сондай-ақ, Қажымұрат Аюп марқұмның жары Виктория Трубниковаға 3 млн теңге көлемінде моральдық өтемақы төлеуі тиіс.

Виктория Трубникова – А.Трубниковтің зайыбы:

– Сот Қажымұрат Аюпқа 10 жыл берді. Мұнымен толықтай келісемін. Ал Сәдібековке қатысты ештеңе айта алмаймын. 1 жарым жыл ол үшін өте қысқа мерзім деп ойлаймын. Мүмкін қайта шағым беретін шығармын. Төбелесті бастаған сол ғой.

2 тарап та сот шешіміне 15 күннің ішінде қайта шағым түсіре алады.

Бердимурат Баймухан

 

Бұдан әрі оқыңыз

Жамбыл аудандық мәслихат депутаттығына үміткерлер тұрғындармен кездесті
Нұротандықтар жарнама жасаушы мамандармен жүздесті
Биыл Қызылжар ауданындағы Чапаево селосының көшелері жарықтандырылады
Нұротандықтар Кладбинка селосының тұрғындарымен жүздесті
СҚО-да “AQ JOL” партиясы атынан сайлауға 16 адам түседі
СҚО-да 2 ауылдық округ пен 3 елді мекеннің атауы өзгертілмек
Петропавлда бірнеше спорттық нысан тұрғызылады
Антикор орталығының өкілдері әділет департаментінің мамандарымен жүздесті
Жемқорларды түрмеден мерзімінен бұрын босатуға тыйым салынды
Нұротандықтар Долматово селосында болды
Қалалық қоғамдық кеңесінің отырысы өтті
Нұротандықтар зауыттағы қызметкерлермен жүздесті