Kurultai banner mobile

Білім

Петропавлда болашақ педагогтарға арналып ресурстық орталық ашылды

Бүгін Оқушылар сарайында болашақ педагогтарға арналып ресурстық орталықтың ашылу салтанаты өтті.

Енді мұнда  оқу орындарында аталған мамандық бойынша білім алып жүрген 4-ші курс студенттері теориялық тәлімдерін  тәжірибе жүзінде іске асыратын болады. Сондай-ақ, заманауи технологиялардың көмегімен білім беру тәсілін жетілдіруге мүмкіндік жасалып отыр. Жаңа орталықта жастар түрлі онлайн жобалар әзірлейді әрі студенттер үшін апта сайын білікті ұстаздардың қатысуымен семинар-тренингтер өткізу жоспарлануда.

Гүлмира Кәрімова – СҚО білім басқармасының басшысы:

– Біздің мектептер bilimland платформасымен 5 жыл қатарынан жұмыс істеп жатыр. Осыған дейін мұғалімдерді оқытқан болсақ, енді студенттердің де тәжірибе арттыруына мүмкіндік жасалынды.

Маржан Касымбек