Құқық қорғау органдары

Полицейлер қарттарға көмектесуде

Игі іске өңір полицейлері де өз үлестерін қосуда. Тәртіп сақшылары мүгедек жандар мен жалғыз тұратын қарияларға жәрдемдесіп жүр. Мамандар жуырда Перминовых көшесі бойындағы баспаналардың бірінде тұратын 91 жастағы Анна Милютинаның ауласын қардан тазалап, отынын үйге кіргізіп берген.

Ерлан Базарбаев – СҚО ПД жылдам қимылдайтын арнайы жасағының аға инспекторы:

– Ең басты мәселе – адамдарға көмек көрсету және қармен күрес жүргізіп, тазалау. Осындай көмекті ары қарай жалғастырамыз.

Байболат  Култанов