МТРА жаңалықтарыҚоғам

СҚО -да сыбайлас жемқорлық фактісі тіркелді

Облыстық мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау және лицензиялау басқармасының басшысы және осы басқарманың бөлім басшысы пара алды деген күдікке ілінді.

Қазіргі таңда бұл іске қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің облыстық департаменті өкілдерінің мәліметінше, заңбұзушылықтың алдын алу шараларының нәтижесінде  жоспарланған өзге де қылмыстардың жолы кесіліпті. Айта кетейік, бұған дейін де облыстық мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау және лицензиялау басқармасының 2 бірдей басшысы пара алып, бастары істі болған еді.

Нұрлан Жахин – ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі СҚО бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары:

–  Олар жүйелі түрде пара алғаны үшін күдіктелуде. Қазіргі таңда біреуі үй қамағына алынды. Екіншісі – бостандықта. Екеуі де кінәлі екендіктерін мойындады. Сондықтан, екеуін де қамамадық. Жалпы, параның сомасы – 650 мың теңге.

Култанов Байболат