МТРА жаңалықтары

СҚО – көшбасшы өңірлердің қатарында

Теріскей – үздіктердің қатарында. Бүгін елордада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтің төрағалығымен Үкіметтің кеңейтілген отырысы өтті. Жиында еліміздің өткен жылдағы әлеуметтік-экономикалық дамуы қорытындыланды. Өз баяндамасында Премьер-министр Асқар Мамин экономикалық өсім бойынша Солтүстік Қазақстанды көшбасшы облыстардың бірі деді.

Үкімет басшысының сөзінше, теріскей өзге астықты өңірлер үшін үлгі бола алады. Өйткені, бізде бидайды терең өңдейтін Қазақстан бойынша жалғыз зауыт – “Bio Operations” жұмыс істейді. Нәтижесінде алдағы 3 жылда астықты қайта өңдеу көлемі 20-дан 90 пайызға дейін көтерілуі тиіс. Сондай-ақ, Премьер-Министр биыл Петропавлда әлемдік стандарттарға сай келетін көпсалалы аурухана құрылысының басталатынын ерекше атап өтті. Денсаулық сақтау саласында ел бойынша ең ауқымды саналатын жобаны облыс басшылығы түрік инвесторларымен бірлесе жүзеге асыруда.

Саят Ермек