Құқық қорғау органдары

Петропавлда жасырын жұмыс істеп келген казино табылды

Петропавлда жасырын жұмыс істеп келген казино табылды. Заңсыз бизнес қаладағы қонақ үйлердің бірінің жертөлесінде орналасқан.

Көлеңкелі табыс көзін құрғандардың жасырын жерін облыстық экономикалық тергеу департаментінің қызметкерлері анықтады. Мамандар екі ай бойы сыртынан қарап жүріп, дәлелдемелер жинаған. Ақыры баса-көктеп кіріп келгенде ішінде 20 ойыншы отырыпты. Жасырын казинодан 2 покер үстелі, ойын карталары мен фишкалар табылды. Тағы 1 миллион теңгеден астам ақша тәркіленді. Естеріңізге сала кетейік, республикадағы казино қызметі тек Бурабай курорттық аймағында және Алматы облысында ғана рұқсат етілген. Ал біздің өңірімізде соңғы 5 жылда 4 жасырын казино жабылған екен.

Виктория Пивоварова – СҚО бойынша экономикалық тергеу департаменті басқармасының басшысы:

– Аталған факті бойынша ҚР ҚК 307-бабы 2-бөлігінің 2-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары басталды. Яғни, заңсыз бизнес жүргізген адам 5 мың АЕК көлемінде айыппұл төлейді немесе 5 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

 

 

 

Ешкенова Дана