Құқық қорғау органдары

Петропавлда қиыршық тас тиелген жүк көлігі аударылып қалды

Петропавлда қиыршық тас тиелген жүк көлігі аударылып қалды.

Оқиға бүгін сағат түскі бір жарымда Жұмысшы кенті жақтағы зираттың маңында орын алды. Караван көшесінен  Космонавт көшесіне бет алған “Volvo” маркалы жүк көлігінің жүргізушісі  көктайғақтың кесірінен рөлге ие бола алмай қалған. Салдарынан жолға жақын жердегі қабірдің үстіне аударылып кеткен. Тізгінде болған 50 жастағы ер адам дін аман, машинаның алдыңғы әйнегі, бүйірлік айнасы, алдыңғы фарлары мен сыртына аздап зақым келіпті. Жүк көлігі арнайы техниканың көмегімен тұрғызылып, жолға құм себілді. Темір тұлпардың иесі бұзылған 2 моланың тасын қалыпқа келтіреміз деп сендірді.

 

 

 

Актолкын Солтанханкызы