ТЖ

Өңірде өткен тәулікте қар құрсауынан 63 адам құтқарылды

Биылғы қыс аса аязды бола қойған жоқ. Бірақ, қар молынан түсіп, түк көрінбейтін ақтүтек боран жиі соғып жатыр.

Тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында телефонға төтенше жағдайлар қызметінен жолдардың жабылғандығы туралы ескерту смс-тері үздіксіз түсуде. Мәселен, Айыртау, Шал ақын, Ғабит Мүсірепов және Тимирязев аудандары бағытындағы тас жолдар уақытша жабық. Алайда, ескертуге құлақ аспайтындар да бар. Өткен тәуліктің ішінде аталған бағыттар бойынша жолға шыққан 23 көлік қар құрсауында қалып қойған. Мамандар 63 адамды құтқарған, оның 8-і – бала.

 

Маржан Касымбек