Мәдениет

Абай Құнанбаевтың философиясы

Қытай Конфуциймен, гректер Сократымен, ал қазақ халқы Абайымен мақтанады. Абай Құнанбаев халқымыздың жазба әдебиеті мен әдеби тілінің негізін қалады.

Ал шығармаларында сол кездегі халықтың әлеуметтік, қоғамдық және моральдық мәселелерін жазып қалдырды. Әсіресе, оның «Қара сөздері» саяси салмақтылығы және терең мән-мағынасымен құнды. Петропавлдағы Химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің тарих пәні мұғалімі Дильбар Бегалина Абайдың философиясын түсінудің маңызы зор екенін айтады. Ұстаздың сөзінше, бұл оқушылардың болашақта толыққанды тұлға болып, өмірге деген дұрыс көзқарасының қалыптасуына оң ықпал етеді.

Дильбар Бегалина – Химия-биология бағытындағы НЗМ тарих пәні мұғалімі:

– Абайдың шығармаларынан адам көкейінде жатқан сұрақтың жауабын таба алады. Туындыларды оқыған сайын оның жаңа қырларын байқайсыз.

 

 

 

Маржан Касымбек