Құқық қорғау органдары

Петропавлда ер адам 5-ші қабаттан құлап кетті

Петропавлда ер адам үйдің 5-ші қабатынан құлап кетті.

Оқиға қаңтардың 19-ы, жексенбі күні Жуков көшесі, 5 А мекенжайындағы үйде болған. 23 жастағы жігіт бірден ауруханаға жеткізілді. Оның бел омыртқасы ауыр жарақаттанған. Күрделі ота жасалып жатыр. Жігіттің мұндай қадамға баруға не итермелегені белгісіз, қазір оқиғаның мән-жайы анықталу үстінде.

Бұл – Петропавлда қаңтар айында тіркеліп отырған осымен 2-ші оқиға. Естеріңізге сала кетсек, екі апта бұрын 20-шы шағын ауданда дәл осы көшеде 67-ші жылғы азамат 9-шы қабаттан секіріп, мерт болды.

 

Актолкын Солтанханкызы