Спорт

Ташкенттегі екінші жеңіс

“Qulager”  жанкүйерлерін тағы бір қуантты. Сырт айдында жерлестеріміз ташкенттік «ХумО 2» хоккей клубын қарымта матчта да тізе бүктірді. Бұл жолғы есеп – 1:4.

Троицкий бастаған имек таяқ шеберлері кездесу бойы басымдық танытты. Есепті ойынның 6-шы минутында Алексей Данилов ашты. Екінші периодта да құлагерліктерге сәттілік серік болып, Марк ВакУленко мен Денис Стасюк ерекшеленді. Өзбекстандықтар әуелде есеп айырмасын қысқартқан болатын, бірақ кейін қақпаға шайба дарыта алмады. Матч соңына бірер секунд қалғанда құлагерлік шабуылшы Евгений Попитич ерекшеленіп, таблодағы есепті 1:4-ке жеткізді. Қазір петропавлдық құрама ел біріншілігінің турнирлік кестесінде 76 ұпаймен 6-шы орында тұр. Келесі екі кездесуді де “Qulager” сырт айдында өткізеді. Бұл жолғы қарсылас – чемпионаттың көшбасшысы – көкшетаулық «Arlan».

Саят Ермек