ТЖ

Өңірде боранның салдарынан оқыс оқиғалар жиілеген

Өткен апта құтқарушылар үшін оңай болмады. Облыс аумағында 40-қа жуық оқыс оқиға тіркелген.

11 көліктен өрт шыққан, 5-еуі – белгілі бір себепке байланысты құтқару шарасы және тағы 5-еуі – тұрмыстық өрт.

Мамандардың айтуынша боранның салдарынан туындайтын оқыс оқиғалар жиілеген. Мәселен, өткен аптада көліктердің жолда тұралап қалуына қатысты 7 жағдай орын алыпты. Жалпы, құтқарылған адамдардың саны – 37, оның 6-уы – балалар.

Рүстем Жұмағалиев – СҚО ТЖД дағдарыстық жағдайлар басқармасының бастығы:

 – Соңғы уақытта боран жиі бас көтеруде. Қаланың ішінде аса байқала қоймағанымен сыртта ақтүтек боран соғып тұрады. Осындайда кей тұрғындар ескертуді елемей, көлігімен жолға шығып кетеді. Кейін барып бағытынан адасып немесе тоқтаған жерінде қар құрсауында қалып қояды. Сол себепті, барлық ескерту шараларына құлақ түрген жөн.

Ешкенова Дана