Құқық қорғау органдары

“Автобус” жедел-алдын алу шарасы өтті

Петропавлда “Автобус” жедел-алдын алу іс-шарасы өтті. Нәтижесінде, тәртіп сақшылары екі қоғамдық көлікке қатысты қозғалысты жалғастыруға тыйым салған.

Жүргізушілердің жалпы әзірлігі, құжаттардың бар-жоғы мен көліктердің техникалық жағдайы. “Автобус” жедел-алдын алу шарасы аясында полиция қызметкерлері қалаішілік қоғамдық көліктерді ерекше бақылауға алды. Рейд барысында 250-ге жуық автобус тексеріліп, кейбірінің жолаушы тасымалдауға дайын емес екендігі анықталған.

– Когда это было, когда вам аптечку поменяли? – Ну, позавчера это было… – Забрали старую, да? – Да. – Новую должны выдать, да? – Да, да. – Ну, вы из таксопарка когда выезжали, вы не говорили механику? – Механику? Нет, это медичка забирает. – Медичка… Но механик же проверяет? Страховка на пассажиров, получается, 30 декабря закончилась.

Тәртіп сақшыларының айтуынша, кей автобустардың дөңгелектері талапқа сай болмаған. Мәселен, екі жүргізуші әбден тозығы жеткен шинамен жүріп келген екен.

Ақырында қос көліктің қозғалысты жалғастыруына тыйым салыныпты. Ал олардың бағытқа шығуына жол берген заңды тұлғалар жауапкершілікке тартылған.

Шымболат Уаисов – Петропавл қаласы ПБ патрульдік батальоны қызметінің инспекторы:

– Петропавл қаласында “Автобус” жедел-алдын алу іс-шарасы өтуде. Іс-шара барысында қоғамдық көліктерді егжей-тегжейлі тексеріп жатырмыз. Біршама бұзушылықтар анықталды.

Тәртіп сақшылары рейд кезінде 407 әкімшілік хаттама толтырған.
Жүргізушілер арасында ең жиі кездесетін бұзушылықтардың бірі – құжаттардың толық болмауы. Осындай 59 факті анықталған. Тағы рөлде отырып алып, телефонмен сөйлесетіндер де аз емес. Ал жылдамдықты арттырғаны үшін 30 әкімшілік хаттама толтырылыпты. Оған қоса, көлік құралын заңсыз қайта жабдықтаған 6 адам жауапкершілікке тартылған.

Ешкенова Дана