Спорт

Аманғали Бекболатов – гран-при турнирінің чемпионы

Спортсүйер қауымға сүйінші жаңалық. Солтүстікқазақстандық палуан Аманғали Бекболатов Францияның Ницца қаласында грек-рим күресінен өткен гран-при турнирінде жеңіске жетті.

Ол халықаралық жарыста 3 кездесу өткізді. 55 келі салмақта өнер көрсеткен білекті жігіт қарсыластарының барлығын қоғадай жапырып, чемпион атанды. Сонымен қатар, бұл жарыста петропавлдық палуан Данияр Қаленов те бақ сынаған еді. Өкінішке қарай, 67 келі салмақта күрескен спортшы үздік үштіктің қатарынан көріне алмады.

Култанов Байболат