Қылмыс

29 жастағы әйел өз күйеуінің қолынан қаза тапты

Явленка селосында адам шошытарлық оқиға орын алды. Қаңтардың 14-і 29 жастағы әйел өз күйеуінің қолынан қаза тапты. 33 жастағы ер адам нәзікжандыны балалары мен шешесінің көзінше соққыға жығып, түбіне жеткен.  Өкінішке қарай, сол кезде үйде болған отбасы мүшелері келіншекті құтқара алмаған. Көршілерінің айтуынша, мұндай қаныпезерлік жылдар бойы жалғасып келген. Күдікті жарына күн көрсетпей, жиі соққыға жығыпты. Ақыры тағдыр қосқан қосағын сабап, екі баласын жетім қалдырды.

Қымбат Мырзағұлова – СҚО ПД тергеу басқармасының аға тергеушісі:

 – Осы факті бойынша аудандық полиция бөлімінде ҚР ҚК 106-бабы 3-тармағы бойынша алдын ала тергеу басталды. Кінәлі адам – Явленка ауылының тұрғыны, 33 жастағы азамат уақытша ұстау изоляторында қамауға алынды. Қылмысы үшін азамат 12 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

 

 

Ешкенова Дана