Құқық қорғау органдары

Терезелерді шағып кеткен бұзақы қолға түсті

Кеше түнгі сағат 2:30-дар шамасында бәзбіреу Борис Петров көшесінің бойында тұрған автокөліктің терезесін шағып кеткен екен.

Мұны байқап қалған темір тұлпардың иесі бірден полицейлерге хабарласады. Мамандар ақпарды ала сала шақыртылған жерге жетіп, бұзақыны іздей бастайды. Сөйтіп ізін суытып үлгермеген азаматты қолға түсіреді. Ал, оқиға орнына келген жедел-тергеу тобы маңайдағы тағы 2 машина, жер үй мен құрылысы жүріп жатқан қосалқы станцияның да терезелері сынғанын анықтайды. Медициналық тексерістің нәтижесінде 72 жылы туылған петропавлдықтың алкогольдік ішімдік ішкені белгілі болды.

Жеңісгүл Бейсембина – Петропавл қалалық ПБ криминалдық полиция бөлімінің жедел уәкілі:

– Іс ҚР Қылмыстық кодексінің 293-ші бабы “Бұзақылық” бойынша Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне енгізілді. Келтірілген шығын есептеліп жатыр.

Маржан Касымбек