Спорт

“Qulager” ХК өзбекстандық “Хумо2” құрамасын жеңді

Кеше сырт алаңда солтүстікқазақстандық имек таяқ шеберлері өзбекстандық “Хумо2” құрамасымен кездесті.

Ойынның 1-ші периодында 7-ші нөмірлі Дамир Рамазанов өзбекстандық құраманың қақпасынан саңылау тапты. Хумолықтар да көп күттірмеді, олар араға бірер минут салып есепті теңестірді. Ал 2-ші кезеңде “Qulager” командасының шабуылшысы Денис Стасюк қарсыластардың қақпасына тағы бір шайбаны дәл дарыта білді. Осылайша ойын нәтижесі 1:2 есебімен аяқталып, петропавлдықтар жеңіске жетті. Алда әлі қарымта кездесу бар. Ол бүгін сағат 20:00 де өтеді.

 

 

 

Бердимурат Баймухан