ТЖ

Боранда адасып кеткен 16 жастағы бозбала құтқарылды

Боранда жолынан адасқан 16 жастағы жігіт құтқарылды. Оқиға күні кеше орын алған. Көкшетаудан оқуынан келе жатқан бозбала Ғ.Мүсірепов ауданындағы Салқынкөл-Чистополье жолдарының қиылысында автобустан түсіп қалады.

30 шақырым жердегі Ақмола облысының Маховое селосына жаяу бармақшы болған. Туған ауылында оны досы қарсы алуы тиіс еді. Діттеген мерзімде келмеген соң жолдасы 112-ге хабар берген. Кешкі 10-дар шамасында 16 жастағы студентті полицейлер, құтқарушылар мен жергілікті билік өкілдері іздеуге кіріседі. Көз аштырмас боран салдарынан іздеу шарасы бірнеше сағатқа жалғасыпты. Әрі жігіттің телефоны өшіп қалғандықтан онымен байланыс орнату да мүмкін болмаған.

Ерік Сарыбаев – СҚО ТЖД бастығының орынбасары:

– Дабыл қағылды. Тәртіп сақшылары, құтқарушылар мен атқарушы билік өкілдері барлығы бозбаланы іздеуге кірісті. Түнгі 2 шамасында жігітті таптық. Таңертең ата-анасына жеткіздік.

 

Эльмира Садвокасова