Спорт

«Qulager» ХК атыраулық «Бейбарыспен» кездесті

Өткен демалыс күндері «Qulager» ХК сырт алаңда атыраулық «Бейбарыспен» кездесті.

Алғашқы матчта жерлестеріміз 3:4 есебімен жеңіске жетті. Командаға ұпай сыйлағандар – Ильгиз Нуриев, Евгений Попитич пен дубль авторы атанған Станислав ЛОгинов. Ал қарымта кездесуде теріскейлік имек таяқ шеберлері манағы нәтижені қайталай алмады. Бұл жолы айдын иелерінің асығы алшысынан түсіп, есепті 4:2 дейін жеткізді. Бүгінде петропавлдық хоккей клубының қоржынында 70 ұпай бар. Олар турнирлік кесте бойынша 6-шы орында тұр. Енді құлагерліктердің келесі ойыны қаңтардың 16-сы мен 17-сі күндері сырт алаңда өзбекстандық «ХумО 2» құрамасымен өтпек.

Актолкын Солтанханкызы