Қоғам

Абайдың 175 жылдығы: Семей тарихи орталық деп танылады

The YouTube ID of 7RP9aYFNU0M<span style="line-height: 1.5;"> is invalid.

Ұлы Абайдың 175 жылдығын мейрамханаларда тойламай, қаржыны ғұламаның өмірі мен мұрасын зерттеуші ғалымдарды марапаттауға жұмсау керек. Тарих ғылымдарының докторы, “Urpaq” қазақ мәдени-ағарту орталығының төрайымы Гүлбахша Мұсабаева осындай пікір білдірді.

Арна тілшілеріне берген сұхбатында ол Қасым-Жомарт Тоқаевтің Семей қаласын тарихи орталық ретінде белгілеу туралы пәрменін толық құптайтынын жеткізді. Өйткені, бұл киелі өлкеде Абайдан бөлек, Мұхтар Әуезов, Шәкәрім Құдайбердіұлы сияқты біртуар тұлғалар дүниеге келген. Сол себепті, шаһар экономикасын дамытып, тарихи нысандарды қалыпқа келтіру – қажет әрі маңызды шаруа. Гүлбахша Нұрмұқанқызының айтуынша, Абайды қазаққа Еуропа мәдениетін ашқан тұлға ретінде тануымыз керек.

Гүлбахша Мұсабаева – “Urpaq” қазақ мәдени-ағарту орталығының төрайымы, М.Қозыбаев атындағы СҚМУ доценті:

– Шынымен де, Абай қазақ халқына Еуропаны әдебиет арқылы ашып берді. Неге десеңіздер, ең бірінші рет орыс тілінен өзі танысып, Гегель, Кант пен Гётенің еңбектерін қазақ тіліне аударған – Абай, орыс классикалық әдебиет шығармаларын, яғни Пушкин мен Крыловты қазақ тіліне аударған – Абай.

Саят Ермек