Ауыл шаруашылығыҚоғам

Былтыр Петропавлда 200-ге жуық ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтті

Сапалы әрі арзан! 2019 жылы Петропавлда 196 рет ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтіпті. Шарада 278 млн теңгенің өнімі саудаланған екен. Мұндай жиын облыс орталығында әлі де ұйымдастырылып жатыр. Тұрғындар сенбі күні қаламыздағы базарлардан қолжетімді бағамен өздеріне қажетті азық-түлік түрлерін таба алады.

Ет, сүт, жұмыртқа, көкөністер! Осы және өзге де ауыл шаруашылығы тауарлары әр сенбі сайын Петропавлдың “Дария”, “Алтын Арман”, “Қызыл Жар-Ақбастау” мен “Корона” сауда үйлерінде сатылып жатыр. Бұл дүниелердің басым бөлігін 7 аудандағы ағайын әкеледі. Өнімдер сапалы. Оның үстіне бағалары қалта көтерерлік.

Наргиз Ақжігітова – СҚО ауыл шаруашылығы басқармасының бас маманы: 

– Бұл жәрмеңкеге тек ауыл тұрғындары емес, облысымыздың өндіруші, өңдеуші кәсіпорындары қатыса алады. Жәрмеңкеде 20-дан астам өнім түрі сатылады. Өнімдердің бағасы нарықтағыдан 10-30 пайызға арзан.

Осы орайда өткен жылдың статистикасына тоқталайық. 2019-да Петропавлда 196 рет ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі ұйымдастырылыпты. Шарада 278 млн теңгенің азық-түлігі саудаланған. Көбінесе тұрғындар ет сатып алады екен. Мысалы, былтыр 105,9 тонна ет саудаланған. Екінші сатыда сүт өнімдері тұр. Ауасы таза, шөбі шүйгін, топырағы құнарлы өлкеде өндірілген тауарлар елордалықтарға да ұсынылады. Жерлестеріміз жыл сайын бас қаламызда жәрмеңге өткізіп, апарған дүниелерін өткізеді. Былтыр мұндай жиын қазан айында болыпты.

Наргиз Ақжігітова – СҚО ауыл шаруашылығы басқармасының бас маманы:

– 115 кәсіпорын қатысты. 100 аталымға жуық 700 тоннадан аса өнім сатылды. Саудаланған тауардың сомасы 220 млн-нан асып түсті. 04:33 Елордамызда біздің өнімдерге сұраныс жоғары.

Елордада ұйымдастырылған ауыл шаруашылығы жәрмеңкесінде өнімдер жергілікті нарықтағы бағадан 15-20 пайызға арзан саудаланыпты.

Байболат Бектемірұлы