Қоғам

Шаһарда “Эталон меха” көрмесі өтуде

Сәнді әрі сапалы. Петропавлда ресейлік “Эталон меха” компаниясы тіккен ішіктердің көрмесі өтіп жатыр. Тондардың бағалары қалта қақпайды. Себебі, өндірушілер бұл жолы жерлестерімізге түрлі жеңілдіктер ұсынып отыр.

Ақтолқын Солтанханқызы – тілші:

– Құндыз терісінен тігілген бағалы тондар, түлкі жағалы тондар мен қаракөл ішіктері. 2020-ның алғашқы күндерінен-ақ қаламызда нәзікжандылар үшін “Эталон меха” көрмесі өтуде. Бұл алты ай қыс болатын солтүстіктің арулары үшін жағымды жаңалық екені анық. Себебі, мұнда кез келген талғампаз ханым еш қиындықсыз көңілінен шыққан сырт киімін таңдай алады.

Шынымен де көрмеге ішіктің түр-түрі қойылған. Әрқайсысының түсі мен үлігісіне қатысты өзіндік ерекшелігі бар. Жастар да, үлкендер де қалауындағы киімін табары анық. Тондардың 300-ге жуығы -қаракүзеннен, 200-дейі мутоннан тігілген.

Антон Саранча – көрме әкімшісі, Пятигорск қаласы, РФ:

– Бұл біздің Петропавлға алғаш келуіміз емес. Тұрғындардың қандай үлгідегі киімге сұранысы жоғары екенін нақты айта алмаймын. Себебі, біздегі ішіктер қайталанбайды. Келген сайын алдыңғысынан өзгерегін көрсетуге тырысамыз. Бұл солтүстікқазақстандық сатып алушыларды қызықтырады әрі клиенттер санын көбейтеді.

Ал Татьяна Соломинаның ішік іздеп барған жері, баспаған тауы қалмапты. Нәзікжандының айтуынша дүкендерде өзіне сай өлшемдегі киімдер болса да үлгілерінің саны аз. Қазір азаматшаның бір емес бірнеше тоны бар екен, бірақ оның барлығы мутоннан тігілген. Осылайша Жаңа жылда өзгешелікті қалады ма зейнет жасындағы жан алғаш рет каракүзеннен тігілген сырт киімді таңдады.

Татьяна Соломина – қала тұрғыны:

– Ерекше ішік сатып алғаныма қуаныштымын. Мұндағы тауарлардың сапасы жоғары деңгейде. Қызметкерлері де өте сыпайы, таңдауға келгенде өз пікірлерін айтып, кеңестерін білдіреді.

Айта кеткен жөн, тұрғындардың көрмеде ішікті несиеге алуға немесе бір жылға бөліп төлеуге мүмкіндіктері бар. Тағы, бүгінде мұнда тауарлардың барлығына 20-дан 50 пайызға дейін жаңажылдық жеңілдіктер қарастырылыпты. Бұл -солтүстікқазақстандықтарға сапалы сырт киімді қолжетімді бағамен сатып алуға жақсы мүмкіндік.

– Мұндағы ішіктердің түстері сан алуан, көздің жауын алады. Аталым ауқымы кең болғандықтан, ішікті таңдай алмай жүрмін.

– Ішіктердің сапасы жоғары деңгейде. Бағасы да қымбат емес. Өз таңдауыма ризамын.

Ресейлік “Эталон меха” көрмесі Петропавлда қаңтардың 12-сіне дейін жалғасады. Әдемі әрі әсем ішіктен құр қалмау үшін “City Mall” сауда орталығының 3-ші қабатындағы жәрмеңкеге асығыңыз.

Ақтолқын Солтанханқызы