МТРА жаңалықтарыҚоғам

Жаңажылдық демалысты қайда өткізуге болады

Коньки мен шаңғы, орталық және басты алаңда сырғанақ тебуге болады. Тағы, театрда – спектакль, ал кинотеатрда түрлі жаңа фильмдерді тамашалауға мүмкіндік бар.

Әсел Ақтаева Жаңа жыл мейрамын жақсы көреді. Себебі, бұл күндері бойжеткен жақындарына сыйлық сыйлап, бос уақытын достарымен көңілді өткізеді көрінеді. Тағы, фильм тамашалайды. Мұндай демалыс оның бойына мерекелік көңіл-күй сыйлайды екен.

Әсел Ақтаева – қала тұрғыны:

– Жаңажылдық фильмдерді тамашалағанды жаным сүйеді. Әсіресе, “Один дома” деп аталатын туынды ұнайды. Ондағы актерлер өз образдарын тамаша ойнап шыққан. Жаңа  теледидарды қосып, дәл осы фильмнің 1-ші бөлімін тамашалауды бастадым.

Мерекеде табиғат аясына шығыңыз. Мәселен, отбасымен Борки кентіне баруға болады. Бұл жерде көңілді демалысқа қажеттінің барлығы бар. Өзіңіздің қалауыңызға қарай таза ауада шаңғы тебе аласыз, шана жалдай аласыз. Қызмет құны қалта қақпайды7 Мұнда Думан Шерен жиі келеді екен. Базада жасалған жағдай жерлесімізге ұнайды.

Думан Шерен – қала тұрғыны:

– Шаңғы спортымен бірнеше жылдан бері айналысып жүрмін. Қазіргі таңда облыс құрамасының мүшесімін. Мұнда тұрғындар үшін бар жағдай жасалған. Кез келген жан келіп, табиғат аясында бос уақыттарын тиімді өткізе алады. Тамаша жер.

Коньки тебуге де болады. Мереке күндері қаламыздағы спорт сарайы жұмыс істемек. Мұнда әрбір адам келіп, мұз үстінде сырғанай алады. Сеанс 1 сағатқа созылады. Коньки тебу құны балалар үшін – 300, ал ересектерге 500 теңгені құрайды.

–  Мен демалыс күндері мұз айданына келіп, жаттығу жасаймын. Болашақта мәнерлеп сырғанау спортынан олимпиада чемпионы болғым келеді. Тағы, үйде сабақ оқимын.

– Маған бұл жерде коньки тепкен ұнайды. Мұз үстінде сырғанау кезінде қимыл белсенділігіңді арттырасың, аяқтарыңды шынықтырасың. Демалыста міндетті түрде осында келемін.

Ұл-қыздарды қаламыздағы орталық және басты алаңға да апаруға болады. Бұл жерде мерекелік шырша, түрлі мүсіндер, ең бастысы – аққала бар. Мұнда балалар уақыттарын көңілді өткізері анық. Мейрамда ауа райы да солтүстікқазақстандықтар үшін қолайлы болмақ.

Гүлзат Ғазизова – «Қазгидромет» РМК СҚОФ бөлімінің басшысы:

– 1-ші қаңтарда қар жауады. 2-ші қаңтарда да қар жауады. Ауа температурасы түнде 7-12, кей жерлерде 15 градус аяз болады. 2-ші қаңтарда күндіз 0-5, кей жерлерде 8 градус аяз болады.

Тағы, мереке күндері облыс орталығындағы қуыршақ театры келушілерді қабылдамақ. Өнер ұжымы кішкентай көрермендер үшін қызыққа толы түрлі қойылымды сахналамақ ниетте. Ал кинотеатрларда жаңа туындылар көрсетіледі.

Байболат  Култанов