Аптадағы маңызды жаңалықтар

Ұшақ апаты орын алды

Бүгін таңертең елімізде жантүршіктірерлік оқиға орын алды! Алматы облысында «Бэк эйр» авиакомпаниясының ұшағы құлады. Әуе кемесі оңтүстік астанамыздан елордаға бет алған болатын.

Апат кезінде бортта 100-ге жуық адам болыпты. Оның 5-еуі – экипаж мүшелері, ал қалғаны – жолаушылар. Жұманың кешінде, сағат 17:00-де жарияланған соңғы мәліметке сүйенсек, төтенше жағдай салдарынан 12 адам қаза тапқан. Олардың біреуі ауруханада көз жұмған. Жарақат алған жолаушылардың ең кішісі – 4 айлық сәби. Қазіргі уақытта  зардап шеккендерге мамандар көмектесіп жатыр. Ұшақта солтүстікқазақстандықтардың болған-болмағаны, әзірге, белгісіз. Апатқа байланысты 28-ші желтоқсан елде аза тұту күні деп жарияланды. Қайғыдан қан жұтып отырған отбасыларға мемлекет басшысы көңіл білдірді.

Қасым-Жомарт Тоқаев – Қазақстан Республикасының Президенті:

 – Бүгін Алматы маңындағы жолаушылар ұшағы апатынан қаза тапқан адамдардың туыстары мен жақындарының қайғыларына ортақтасып, көңіл айтамын. Зардап шеккендерге көмек көрсетіледі. Апат себебін анықтау үшін арнайы үкіметтік комиссия құрылды. Кінәлілер заңға сәйкес қатаң жазаланады.

 

 

 

Култанов Байболат