ТЖ

Құтқарушылар спектакль сахналады

Құтқарушылар спектакль сахналады! Есіл аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері балаларға қойылым ұсынды. Көріністе өрт қауіпсіздігі жайлы баяндалады. Мұндай бастаманың маңызы зор. Себебі, әр алтыншы төтенше жағдай ұл-қыздардың тентектігінен орын алады екен.

Ортаға шыққан мамандар алдымен сіріңкеге немқұрайлы қараудың салдары неге әкеліп соқтыратындығын түсіндірді. Кейін, сауалнама ұйымдастырды. Мұнда жиналғандар өрт қауіпсіздігі жөніндегі сұрақтарға жауап берді. Тағы, отқа қарсы қолданылатын құрал-жабдықтардың көрмесі де қанат жайды. Шара барысында Есіл ауданындағы мектеп оқушылары арасында өткізілген жеңімпаздар жарияланды. Айта кетейік, есілдік өнерлі жастар қолдан бұйым жасап, өзара сынға түскен болатын.

Жұлдыз Есенғазин, Есіл аудандық ТЖ бөлімінің бастығы:

– Жылыту маусымы басталғалы төтенше жағдайлар жиілеп кетті. Бүгінгі театрландырылған қойылым жеке тұрғын үй секторындағы өрт оқиғаларының алдын алуға бағытталған.

Ешкенова Дана