Аптадағы маңызды жаңалықтар

Президенттік жастар кадрлық резерві жасақталды

Жігерлі де белсенді жандар! Елімізде Президенттік жастар кадрлық резерві жасақталды. Оған 300 қазақстандық іріктеліп алынды.

Іріктеу 6 кезеңнен тұрды. Мұнда үміткерлердің қабілеттері, білімі мен біліктіліктері жан-жақты қаралды. Жалпы, 7 мың адам бақтарын сынапты. Олардың арасында шетелде қызмет етіп жүрген 46 отандасымыз да бар. Осылайша, ақтық сынға 330 жас өте алған. Кейін, Ұлттық комиссия қатысушылардың ішінен 300 үздікті анықтапты. Осы орайда айта кетейік, іріктеу мөлдір өтті. Кезеңдердің көбісі онлай түрде ұйымдастырылған. Кадрлық резервке іліккендердің орташа жасы 31-ді құрайды.

Рамиль Бахриразиев – ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі СҚО бойынша департаменті басқармасының басшысы:

– Жалпы, жобаға қатысуға 13 мыңнан астам қазақстандық жас өтініш білдірді. Олардың ішінде 150-ге жуық жерлесіміз де болды. Сөйтіп, 300 адам іріктеліп алынды. Үздіктердің қатарында 9 солтүстікқазақстандық бар. Бағы жанғандар жандар жақын арада мемлекеттік қызметке орналасады деп күтілуде. Тағайындауға дейін жастар Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында оқудан өтеді.

 

Бердимурат Баймухан