МТРА жаңалықтары

СҚО тұрғындары отбасылық бюджеттің 42 процентін азық-түлікке жұмсайды

Солтүстікқазақстандықтар үстіміздегі жылдың 3-ші тоқсанында отбасылық бюджеттерін қандай мақсатқа жұмсаған? Статистиктер жүргізген талдауға үңіліп көрейік.

Өңір тұрғындары отбасылық табыстың 42 процентін азық-түлікке жұмсаған. Азық-түлік емес тауарларды сатып алуға кеткен шығын 27 процентті құрайды. Ал материалдық көмекке, алиментке, несиелер мен өзге де борыштарды өтеуге жылдың 3-ші тоқсанында кірістің 12 жарым проценті жұмсалыпты. Түрлі қызметтерді төлеуге қаражаттың 18 проценті бағытталған.

Дана  Ешкенова