Құқық қорғау органдарыТЖ

Полицейлер отқа оранған үйден 6 адамды құтқарды

Қос полицейдің ерлігі! Сенбі күні солтүстікқазақстандық тәртіп сақшылары отқа оранған үйден 6 адамды құтқарды.

Оқыс жағдай сенбі күні Айыртау ауданының орталығы Саумалкөлде орын алды. Таңғы 6-да лейтенант Ерлан Данкин мен кіші лейтенант Азамат Букуев автожанармай құю станциясына келеді. Осы жерде жақын маңайдағы баспаналардың бірі өрттеніп жатқанын көреді. Олар бірден оқиға орнына келіп, ғимараттың терезесінен кәмелет жасына толмаған 4 бала мен 60 және 34 жастағы нәзікжандыларды сыртқа шығарады. Кейін мамандар өрт сөндірушілер мен жедел жәрдем қызметін шақырады. Қазіргі таңда қызыл жалынның неден шыққандығы анықталып жатыр.

Бердімұрат Баймұқан