МТРА жаңалықтары

“ОкноСтройПлюс” компаниясы өткізген акция жеңімпазы анықталды

[youtubehttps://youtu.be/aY9zSJn95ws][/youtube]

Біріккен Араб Əмірліктеріне екі адамға арналған жолдама. Петропавлда жергілікті “ОкноСтройПлюс” компаниясы өз сатып алушыларына арнап акция ұйымдастырды.

Фуршеттік үстел, сиқыршы, әншілер мен бишілер. Кіріп келгенде жаңажылдық кеш өтіп жатыр деп ойлап қалуыңыз мүмкін. Шын мәнісінде, себеп басқа. Жергілікті «ОкноСтройПлюс» компаниясының өкілдері өз тұтынушыларымен бейресми кездесу өткізіп, оның барысында Біріккен Араб Əмірліктеріне жолдама ойнатуды жөн көрген.

Вячеслав Разин – «ОкноСтройПлюс» ЖШС бас директоры:

– Клиенттерімізге бұған дейін талай тарту жасадық, бірақ мұндай жүлдені алғаш рет ойнатып жатырмыз. Негізі, акция жыл басынан бері өткізілді. Шарт бойынша тұтынушылар біздің компаниядан терезеге тапсырыс берулері керек болатын. Осылай қатысушылардың саны 800-ден асты.

Ұтыс ойынына қатысқысы келетіндердің саны аз болған жоқ және бұл таңқаларлық дүние емес. Себебі, 12 жыл ішінде “ОкноСтройПлюс” компаниясы мыңдаған клиентке сапалы тауар мен лайықты қызмет түрін ұсынған.

– Жаз айында «ОкноСтройПлюс» компаниясына 14 терезеге тапсырыс бердім. Тауардың сапасына көңілім толды.

– Биыл бұл компанияның қызметіне алғаш рет жүгіндік. Еш өкінген жоқпын. Барлығын жоғары деңгейде жасап берді.

Ал енді кезек бас жүлдеге де келіп жетті. Сонымен, шара жеңімпазы белгілі болды. Туристік жолдаманың сертификатын қала тұрғыны Гүлнәр Раимбекова иеленді. Нәзікжанды жуырда ғана Египеттен оралған екен. Енді міне көп ұзамай тағы да жылы жаққа сапар шекпек. Гүлнәр Раимбекова мен оның жолдасы Біріккен Араб Əмірліктерінде 6 күн демалатын болады.

Гүлнәр Раимбекова, қала тұрғыны:

– Мұндай жүлдеге алғаш рет қол жеткізіп отырмын. Компанияға алғысым шексіз. Жалпы, шілде айында дәл осы ұйымға терезеге тапсырыс берген едім. Сонда маған ақцияға қатысасыз деп айтты. Бірақ, жеңіске жетемін деп ойлаған жоқпын. «ОкноСтройПлюс» компаниясының тауарлары мен қызметтерінің барлығы жоғары деңгейде.

Жалпы, “ОкноСтройПлюс” – Петропавлда пластикалық терезе жасаудан алдыңғы қатарлы компаниялардың бірі. Серіктестік өз клиенттеріне бірнеше қызмет түрін ұсынады. Мұндағы мамандар облыс орталығынан бөлек тапсырыс бойынша аудандарға да барады екен. Айта кетейік, «ОкноСтройПлюс» компаниясы өз тұтынушыларын келесі жылы да бағалы сыйлықтармен қуантпақ ниетте.

Дана  Ешкенова