Құқық қорғау органдары

“Жолда қабылдау” республикалық акциясы жалғасуда

Бүгін еліміз бойынша “Жолда қабылдау” акциясының тоғызыншы кезеңі басталды. Жаңа форматта ұйымдастырылған шара екі күнге жалғаспақ. Мұнда полицейлер адамдарды қабылдап, өздерінің көмектерін көрсетеді. Тұрғындарға құлаққағыс  құқық қорғаушылар әлеуметтік желілер арқылы жолданған ұсыныс-тілектерін де қарастырады.

Екі күндік “Жолда қабылдау” акциясы полиция бөлімшелерінің фронт кеңселерінде, “Nur Otan” партиясының қоғамдық қабылдау орындарында және учаскелік полиция пунктерінде өткізіліп жатыр. Мұнда мамандар адамдарды алдын ала жазылусыз қабылдайды. Әрі түскен сауалдарды бірге талқылап, проблемалық сұрақтардын шешілуін сөз етеді. Қажетті нұсқау береді.

Жасұлан Оспанов – СҚО ПД әкімшілік полиция басқармасының бастығы:

– Ішкі істер министрінің тапсырмасы бойынша 2019 жылдың 20-шы және 21-ші желтоқсан күндері республикада 9-шы рет “Жолда қабылдау” акциясы жүріп жатыр. Біздің облыс бойынша “Жолда қабылдау” акциясы Петропавл қаласында, аудандарда өтуде. Мұнда әкімшілік полиция, жергілікті полиция және көші-қон полициясы қызметкерлері қабылдау жүргізіп жатыр.

Сондай-ақ, азаматтардың өтініштерін қабылдау үшін “Call-орталық” та жұмыс істеп тұр. Ал, “Facebook” пен “Instagram” желілерінде тікелей эфир жүргізілуде. Жерлестеріміздің кейбірі мұндай мүмкіндікті пайдаланды. Олар автокөліктерді тіркеу және жол бойына белгілер орнату бойынша ұсыныс-тілектерін онлайн режимде жолдады.

– По вашему вопросу нами будет проведено всесторонне обследование данного участка улично-дорожной сети. По результатам, в адрес местных исполнительных органов будет направлена информация об установке соответствующих дорожных знаков.

“Жолда қабылдау” акциясы жаңа форматқа көшкеннен бері солтүстікқазақстандық тәртіп сақшыларына 3 мыңнан аса сұрақ түсіпті. Тоғызыншы рет өткізіліп жатқан акция сенбі күні кешкі сағат 19:00-де аяқталады.

Маржан Касымбек