МТРА жаңалықтары

Өңірдің басты шыршасы жағылды

Бүгін облыс орталығында жаңажылдық шыршаның шамы жағылды.

Петропавлдың басты алаңында ұйымдастырылған дәстүрлі шараға халық көп жиылды. Дүйім жұртты Аяз ата мен Ақшақар және ертегі кейіпкерлері қарсы алды. Олар ойындар ойнатып, би билетіп тұрғындардың көңілін көтерді. Іс-шара әсерлі от шашумен жалғасты. Жалпы, биыл Жаңа жыл мерекесін атап өтуге жергілікті бюджеттен қаржы бағытталмаған. Барлық іс демеушілер бөлген ақшаға жүргізілді. Бұл бастама облыс әкімі Құмар Ақсақаловтың тапсырмасымен үшінші жыл қатарынан іске асырылып келе жатқанын айта кеткен жөн.

Асқар Хабибулин – Петропавл қаласы әкімінің орынбасары:

– Ең алдымен солтүстікқазақстандықтарды келе жатқан Жаңа жыл мерекесімен құттықтаймын. Тағы, бізді қолдап, көмек көрсеткен демеушілерге алғысымды білдіремін. Осы орайда айта кетейін, қалада безендіру жұмыстары әлі де жүргізіліп жатыр. Бүгінде түрлі архитектуралық мүсіндер орнатылуда. Ал, келесі аптада орталық алаңдағы, “Берек” ықшам ауданындағы және вокзал маңындағы шыршалардың шамы жағылатын болады.

Ешкенова Дана