Қоғам

Өңірде ҮЕҰ-дардың 100 шақтысы ғана белсенді қызмет жасайды

Бүгінде өңірімізде қоғамның мүддесін қорғайтын ұйымдардың саны 500-ден асады. Бірақ, олардың 100-ге жуығы ғана белсенді жұмыс жасайды. Халық пен билік өкілдерін байланыстырып, мәселелерді шешуге көмектесетін ұйымдардың маңызы мен оларды дамыту қажеттігін Қасым-Жомарт Тоқаев өз жолдауында атап өткен болатын.

Елімізде үкіметтік емес ұйымдардың алар орны зор. Дәл осы бірлестіктер арқылы барша халықтың күрделі әлеуметтік проблемалары билікке дейін жетіп, бірден шешімін табады екен. Әрі мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өз жолдауында белсенді азаматтық қоғамды қалыптастыру үшін бірлестіктердің беделін арттыру қажеттігін атап өткен болатын. Сол себепті, жиынға қатысушылар диалог алаңын құрып, өзекті мәселелерді талқылауда.

Жанат Мұхамеджанов – “СҚО Азаматтық Альянс қауымдастығы” ҚБ мүшесі:

– Үкіметтік емес ұйымдардың өздерінің көздеген салалары бар. Осы орайда біз дөңгелек үстел ұйымдастырып, өзекті мселелерді талқылаудамыз.

Жалпы, өңірімізде 500-ден астам үкіметтік емес ұйым бар. Соның бірі – “The Last Hope”. Белсенділер 7 жыл бойы мемлекеттік органдармен бірлесіп жұмыс істеп келеді. Соңғы жылдары тұрғындардың мұң-мұқтажына, өтініш-тілегіне құлақ асып, оны шешуге көмектесуде.

Руслан Асаубаев – «The Last Hope» үкіметтік емес ұйымы» ҚБ жетекшісі:

– Біз қоғамдық кеңестердің отырыстарында түрлі мәселелерді қарастырамыз. Өзінің базынасын арқалап келген азаматқа барынша қол ұшын созуға тырысамыз. Жергілікті билік пен қажетті орган өкілдерін шақырамыз. Анық-қанығына жетіп, проблеманы бірлесе шешеміз.

Айта кетейік, Қазақстанның Азаматтық Альянсы еліміздегі барлық үкіметтік емес ұйымдардың басын қосуда. Бүгінде өңірдегі 500-ден астам ұйымның 100-і ғана белсенді жұмыс атқаратындардың санатында.

 

 

 

Ешкенова Дана