Құқық қорғау органдары

“Жолда қабылдау” республикалық акциясы жалғасуда

Қолжетімділік, ашықтық, жеделдік. Облыстық полиция департаментінің қызметкерлері жаңа жұмыс әдісін енгізуді жалғастыруда. Енді олар әлеуметтік желілерде онлайн-трансляция режимінде құқықтық кеңестер береді.

Петропавлдық полицейлер кәсіби ведомствоның ресми аккаунттарында үш тікелей эфирге қатысқан болатын. Онда “Учаске” операциясының қорытындысы туралы айтылды. Ол облысымызда үш ай бойы жүгізілген екен. Осы аралықта тәртіп сақшылары 9 мың құқықбұзушылықты тіркеген. Жалпы, тұрғындар +7-708-432-46-00 нөміріне хабарласып, сұрақтарын қойып, қылмыстар мен құқық бұзушылықтар туралы хабарлай алады.

Әлішер Жармағамбетов – Петропавл қалалық ПБ аға инспекторы:

– Солтүстік Қазақстан облысы Полиция департаментінің әлеуметтік желілері арқылы азаматтар мен қару иелерімен шағын кеңес өткіздік. Ең бір жиі кездесетін сұрақтарға жауап бердік, демек қаруды қалай сақтауға, сатып алуға болады. Құқықбұзушылығы үшін қандай санкциялары барын түсіндірдік. Және де жыл сайынғы өтетін заңсыз айналымдағы қаруды сатып алу акциясы жөнінде тоқталып өттік.

Тікелей эфирлер медиа-студиядан тыс та өткізіледі. Мәселен, жуырда облыстық олимпиада резервінің мамандандырылған мектеп-интернаты колледжінің фойесінде облыстық мәслихаттың депутаты Райхан Әбдірахманова қалалық Полиция басқармасының басшылығымен бірлесе отырып азаматтарды қабылдау өткізген екен.

Райхан Әбдірахманова – облыстық мәслихаттың депутаты:

– Әлеуметтік желілерде және жақын тұрған үйлерге өткізілетін қабылдау туралы хабарландыру ілдік. Жалпы, екі сағатқа созылған тікелей эфир аясында жұмыс істеп, тұрғындардың толғандырған сұрақтарына жауап бердік.

Айта кетейік, желтоқсаннның 20-сы және 21-і бүкіл ел бойынша “Жолдағы қабылдау” акциясы тоғызыншы рет ұйымдастырылмақ. Тәртіп сақшылары тұрғындарды жеке мәселелері бойынша сағат таңғы 9-дан кешкі 7-ге дейін қабылдамақ. Тағы өңір жұртшылығы полиция департаментінің «Facebook», «Instagram» парақшаларында жүргізілетін тікелей эфирінде де өз сауалдарын қоя алады.

 

 

 

Ешкенова Дана