МТРА жаңалықтары

Сәнді әрі сапалы ішіктердің жәрмеңкесі өтеді

Сәнқой нәзікжандылардың құлағына алтын сырға! Желтоқсанның 18-і мен 20-сы аралығында Жастар сарайында түрлі талғам мен сұранысқа сай келетін ішіктердің көрмесі өтеді. Ресейлік компания қаракүзен мен мутоннан тігілген тон-ішіктердің түр-түрін ұсынбақшы. Бастысы – сыртқы киімдердің сапасы жоғары, ал бағасы қалта қақпайды.

«Белка» компаниясы тұрғындарға ішіктердің түр-түрін ұсынбақшы. Мәселен, теріскейлік аруларға арналып қаракүзеннен тігілген өнімнің сан алуан сәнді үлгілері әкелінеді.

Сергей Котов – «Белка» ішіктер компаниясының аға сатушысы, РФ:

– Жалпы, қыз-келіншектердің талғамдары әр түрлі. Бірі ұзын ішіктерді қаласа, екіншілері қысқа сырт киімді таңдап жатады. Бізде әр нәзікжандының көңілінен шығатын ішіктердің түр-түрі бар. Келушілер барлық өнімдерді киіп қарап, еркін таңдай алады.

Қызыл, жасыл, көк, қара, қоңыр және графит. Бұл көрмеден ішіктердің қарапайым үлгілерін ғана емес, табиғи және боялған түрлерін де таба аласыз. Жалпы, ресейлік “Белка” компаниясының ішіктері солтүстікқазақстандықтардың жоғары сұранысына ие. Сол себепті, бұл жолы көрмеге қойылатын қысқы сырт киімдер арзандатылған бағамен саудаланатын болады. Мәселен, әр ішікке жеңілдік қарастырылған екен. Бұдан бөлек, сатып алған кез келген тауарыңыздың ақшасын бөліп төлеуге де мүмкіндік бар.

Сергей Котов – «Белка» ішіктер компаниясының аға сатушысы, РФ:

– Қаракүзен ішіктері 330 мың теңгеден басталады. Мутонның құны – 70 мыңнан жоғары. Айта кететін маңызды жайт: барлық аталымға жеңілдік қарастырылған. Сондай-ақ, 2 жылға дейін бөліп төлеуге мүмкіндік бар. Бастысы – бекітілген бағаның үстіне бір тиын да қосылмайды.

Айта кеткен жөн, «Белка» ішіктер компаниясының көрмесі Петропавлда желтоқсанның 18-і мен 20-сы аралығында Жастар сарайында өтеді.

 

 

Ешкенова Дана