Құқық қорғау органдары

Алимент төлеуден жалтарғандар кұтылмайды

Алимент төлеуден жалтарған – 6, айыппұл төлемеген – 10 және жауапсыздық танытып жақындарымен хабарласпай кеткен 4 адам табылды. Көші-қон қызметінің мамандары өңірде жүргізген жедел алдын алу шарасын қорытындылады.

Бүгінде ажырасқан отбасылардың көбінде әйелдер жұбайлары тарапынан ешқандай көмек алмайтынын айтып жатады. Жауапкершілікті сезінбейтін әкелер алимент төлемейді, тіпті өз балаларының жағдайын білуге де тырыспайды. Сол себепті, көші-қон қызметінің мамандары осы жандарға іздеу жариялап, тұрғылықты жері, туыстары мен достарының мекенжайларын тексеріп шықты.

– Почему мы его, как уголовника, ищем? Он два дня обещает утром прийти и не приходит. Тогда я сейчас буду вынужден вызвать участкового и пройти к вам домой, осмотреть, что его дома нет.

Сөйтіп, тәртіп сақшылары 2 күнде 62 үйді қарап шыққан. Жалпы, желтоқсанның 9-ы мен 11-і аралығында облыс бойынша 113 борышкерге іздеу жарияланған екен.

Жанат Сағынтай – СҚО ПД көші-қон қызметі басқармасының аға инспекторы:

– Оның ішінде алимент төлемеушілерге қатысты – 27, борышкерлер – 56 және 30 жуық туыстық қатынастан айырылғандар бар. Борышкер немесе алимент төлемеуші ретінде соттың шешімінен кейін тәулік ішінде іздестіру ісі жүргізіледі. Болуы мүмкін орындармен таныс және туыстар ортасы тексеріледі. Болуы мүмкін жері анықталғаннан кейін іздестіру тоқтатылып, ақпарат іздестіруді бергенге жіберіледі.

Шара барысында тәртіп сақшылары 20 адамды тапқан.

Дана Сәлімқызы