Спорт

Жасөспірімдер арасында жеңіл атлетикадан республикалық турнир өтіп жатыр

Қашықтыққа жүгіру, үш қарғып секіру және ядро лақтыру. Александр Винокуров спорт сарайында жасөсіпірімдер арасында жеңіл атлетикадан республикалық турнир өтіп жатыр. Дүбірлі додаға еліміздің 8 қаласынан 250-ден астам жас спортшы қатысуда.

Мұнда 50 метрге жүгіруден сайыс бастау алған. Жарыста 15 пен 16 жастағы спортшы қыздар бақтарын сынып жатыр. Дәл қазір 2 желаяқ өзара кім мықтыны анықтамақшы. Көп ұзамай мәреге ең бірінші болып Нұр-Сұлтан қаласының тумасы Аделя Тоқажанова жетті.

Аделя Тоқажанова – турнирге қатысушы, Нұр-Сұлтан қаласы:

– Жеңіл атлетикамен айналысып жүргеніме 4 жыл болды. Осы турнирге мен өткен жылы да қатысып едім. Бірақ, теріскейлік қарсыласым мені басып озып, 1-ші орынды ала алмай қалдым. Биыл ең үздік атану үшін бар күшімді салатын боламын.

Ал ядроны қашықтыққа лақтырудан өтіп жатқан сайысқа түрлі өңірлерден 10-ға жуық спортшы қатысуда. Герман Швагерус салмағы 5 келіні құрайтын ядроны шамамен 16 метрге лақтырып жіберді. Осылайша, қарсыластарын басып озып, бірінші орынмен келесі кезеңге жолдама алды.

Герман Швагерус – турнирге қатысушы, Петропавл қаласы:

– Ядроны лақтырудың өзіндік ерекшеліктері мен қиындықтары бар. Егер оны дұрыс ұстамасаң барынша алысқа жібере алмайсың әрі ережені сақтамаған жағдайда жарақат алып қалуың әбден мүмкін.

Үш қарғып секіру – нағыз ептілердің жарысы. Жеңіл атлетиканың бұл түріне тек 15 пен 16 жастағы спортшы ұл-қыздар қатыстырылуда.

Виктор Крафт – турнирге қатысушы, Қарағанды қаласы:

– Мен 12 метр 80 см-ге секірдім. Өкінішке қарай, жинаған ұпайым аздау болып тұр. Келесі жылы тағы дайындалып, бұдан да жоғары нәтиже көрсетуге тырысатын боламын.

Республикалық турнирге еліміздің 7 қаласынан жиылған 250-ден астам спортшы қатысып жатыр. Жарыс ел тәуелсіздігі күніне орай ұйымдастырылған.

Қанат Сәдуақас – дене тәрбиесі, спорт және АӘД өңірлік оқу-әдістемелік орталығының директоры:

– Турнир өңірімізде осымен 4 рет өткізіліп жатыр. Біз ең мықты спортшыларды анықтаймыз.

Айта кетейік, республикалық турнир жеңіл атлетиканың 3 түрі бойынша өтіп жатыр. Дүбірлі дода 2 күнге жалғасады.

Маржан Қасымбек