“Таза отбасы ісі” атты қойылымның премьерасы өтті

Мәдениет

21:41 3 Желтоксан 2019

“Таза отбасы ісі”. Н.Погодин атындағы облыстық орыс драма театрында жаңа қойылымның премьерасы өтті. Бұл жолы өнер ұжымы америкалық драматург Рэй КунИдің комедиялық шығармасын сахналады.

Дэвид Лондондағы танымал ауруханалардың бірінде невролог болып жұмыс істейді. Бүгін білікті дәрігер үшін аса маңызды күн. Ол бірер сағаттардан соң халықаралық конференцияда сөз сөйлейді. Баяндамасы шетелдік білікті маманның көңілінен шықса, Дэвидтің айы оңынан тумақ.

Кейін, күтпеген жерден дәрігердің бұрынғы сүйген ғашығы Лесли келіп, екеуінің 18 жасар ұлы бар екенін айтады. Алайда, Дэвид әлдеқашан үйленіп отбасылы болған еді. Ол жеке басының мәселесіне бас қатырып жүрген кезде конференция басталып кетеді.

Дэвидтің баяндамасын күткен шетелдік маманның рөлін Анатолий Наргеленас сомдайды. Өнерлі жан өмірінің 60 жылдан астам уақытын актерлікке арнаған. Жерлесіміздің сөзінше, бұл жолғы кейіпкерін сомдау басқаларына қарағанда аздап қиынға соққан көрінеді.

Анатолий Наргеленас – Н.Погодин атындағы облыстық орыс драма театрының актері:

– Маған өзім сомдаған шетелдік маманның мінез-құлқы қатты ұнайды. Ол лондондық дәрігермен жүздесу үшін алыстан ат терлетіп келеді. Дэвид келісілген уақытта келмесе де сабырлық танытып соңына дейін үміт үзбей күтеді. Бірақ, кейіпкерім соңында қолайсыз жағдайға тап болады. Әлгі маманның жауапсыздығының салдарынан әріптестерінің алдында ұятқа қалады.

«Таза отбасы ісі» атты комедиялық шығарманың авторы – америкалық жазушы Рэй Куни. Өнерлі ұжым туындыны сахналауға жарты жылға жуық уақыт дайындалған екен. Сахнада Н.Погодин атындағы облыстық орыс драма театрының 7 актері өнер көрсетіп жатыр.

Виктор Шалаев – «Таза отбасы ісі» спектаклін қоюшы-режиссер:

– Біз, негізінен қазақстандық және ресейлік жазушылардың туындыларын сахналайтын едік. Биыл Батыс елдеріндегі белгілі авторлардың шығармаларын таңдадық. Бұл – театр ұжымының шеберлігін одан әрі артыруға септігін тигізбек. Әрі біз жаңа тәжірибе жинақтаймыз.

Спектакльді тамашалауға келген қауымның қатары қалың болды. Барлығы комедиялық қойылымға жоғары бағаларын берді.

– Өте терең мағыналы қойылым екен. Оқиға шынайы өмірде болып жатқан секілді күйде отырдым.

– Актерлердің шеберліктері маған қатты ұнады. Жалпы, Виктор Шалаев режиссерлік еткен қойылымның барлығын тамашалауға келемін.

Айта кетейік, «Таза отбасы ісі» атты комедиялық қойылым теріскейліктердің назарына желтоқсанның 7-сіне дейін ұсынылмақ.

Маржан Қасымбек

Бұдан әрі оқыңыз

Оқушылар жергілікті жазушылардың жаңа шығармаларымен танысты
НЗМ студенттері халықаралық байқаудың жеңімпазы атанды
“Айка” фильмі Қытайда тағы екі жүлдеге ие болды
Қылқалам шеберлерінің картиналары көрмеге қойылды
Швед елшісі Н.Погодин атындағы облыстық орыс драма театрында болды
Ақын Татьяна Пенькошинаның шығармашылық кеші өтті
“Швецияның әуендері мен ырғақтары” атты концерт өтті
Қазақ мәдениетінің фестивалі өтті
Қазақ театрында – жаңа премьера
Жерлес жас ақындар жүлделі оралды
Облыстық қуыршақ театрында – премьера
Галина Воробьеваның жаңа туындысы жарық көрді