Қоғам

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында атқарылған жұмыстар

Өңірде Елбасының «Рухани жаңғыру» және «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақалалық бағдарламалары аясында 6 бағыт пен 13 арнайы жоба қолға алынған. Соның бірі – «Қазақстанның сакралды географиясы» деп аталады.

Қазіргі күні өңір бойынша 33 сакралды нысанның 8-і жалпыұлттық тізімге енгізіліпті. Ал 16 орынның дамыған инфрақұрылымы бар. Олардың барлығында қалыпқа келтіру жұмыстары жүргізіліп, жолдар жөнделген. Және айналасының барлығы абаттандырылған. Бүгінгі күні облысымыздың қасиетті орындарына келуші туристердің қатары күн санап көбейіп келеді.

Эльмира Танақұлова – СҚО ішкі саясат басқармасы “Рухани жаңғыру” бағдарламасын іске асыру жөніндегі бөлім басшысы:

– Сакралды орындарды дәріптеу мақсатында ауқымды жұмыстар атқарылып жатыр. Біз биыл Қарасай мен Ағынтай батырлардың мемориалдық кешенінде, Мағжан Жұмабаев пен Иван Шухов музейі, Уәлихановтардың қонысы және “Қызылжар” орталық мешіті мен басқа да орындарда абаттандыру жұмыстарын жүргіздік. Бұл әлі жалғасатын болады. Биыл қасиетті орындарға келушілердің саны 90 мыңнан асып жығылды.

Бердимурат Баймухан