МТРА жаңалықтарыҚоғам

Мереке қарсаңында қалалық әкімдікте салтанатты жиын өтті

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президент күні қарсаңында қалалық әкімдікте салтанатты іс-шара өтті. Шаһар басшысы Болат Жұмабеков түрлі саланың тұтқасын ұстаған мамандарға алғыс хаттар мен құрмет грамоталарын табыс етті. Ал қала тұрғыны, 7 баланың анасы Шулпан Үсенова “Алтын алқа” иегері атанды.

Шулпан Үсенова – 7 баланың анасы. Екі қызы мен 5 ұлы бар. Үлкені 27-і жаста болса, кенжесі 5-те ғана екен. Нәзікжанды 1 жыл бұрын медициналық колледжді аяқтап, облыстық балалар ауруханасында медбике болып қызмет атқаруда. Бүгін көпбалалы ана “Алтын алқа” төсбелгісіне ие болды.

Шулпан Үсенова – “Алтын алқа” белгісінің иегері:

– Ең алдымен барлық қазақстандықтарды алдағы мерекемен құттықтаймын. Бүгін “Алтын алқа”төсбелгісімен марапатталғаныма өте қуаныштымын.

Надежда Андрусяк “Основание” серіктестігінде сылақшы болып жұмыс істейді. Қазіргі күні мұндай мамандықты жастар таңдай қоймайды. Өйткені, қиын әрі қолдың күшін қажет ететін кәсіпті меңгеруге жүрексінуі мүмкін. Нәзікжандының сөзінше, жұмысы оңай емес. Надежда Андрусяк – қаладағы көп қабатты баспаналарды тұрғызуға біраз үлесін қосқан жан. Бүгін ол қала әкімінің алғыс хатымен марапатталды.

Надежда Андрусяк – “Основание” ЖШС сылақшысы:

– Әрине, біздің жұмысымыз оңай емес. Дегенмен, бұл мамандықтың да өз ерекшеліктері бар. Менің отбасымдағы жандардың барлығы да осы салада қызмет жасайды. Еңбегімді елеп, марапаттап жатқандарына алғысым шексіз.

Салтанатты шара барысында қала әкімі Болат Жұмабеков сөз алып, жерлестерімізді алдағы келе жатқан Тұңғыш Президент күнімен құттықтады.

Дана  Ешкенова