БалаларҚоғам

Шаһарда заманауи шығармашылық фестивалі өтті

Шаһарда заманауи шығармашылық фестивалі өтті. Оған жергілікті және аудан мектептерінің би ұжымдары қатысты. Байқау Тұңғыш Президент күніне орай ұйымдастырылған.

Сахнада алғашқылардың бірі болып қазақ-мектеп гимназиясының оқушылары өнер көрсетті. Ұжымда 30-дан астам жас дарын бар. Құрылғанына 8 жылдан асқан топ осы аралықта көптеген сайыстарда бақтарын сынап, жүлделі орындар иеленген екен.

Дильназ Досаканова, Қазақ мектеп-гиназиясының оқушысы:

– Бұл сайысқа бір ай көлемінде дайындалдық. Біздің қыздар өте ұйымшыл, біз түрлі шараларға қатысып, бір-бірімізге әрдайым көмектесіп тұрамыз.

Сахнада “Жаса Қазақстан”, “Welcome to Қазақстан”, “Алға” сынды патроиоттық әндерге қойылған билерден бөлек, заманауи – хип-хоп жанрындағы билер де болды.

4-ші орта мектебінің оқушылары би фестивалі туралы ести сала бірден қатысуға бел байлапты. Осылайша, тәлімгерлерімен 2 жұма бойы жатыққан.

Гүлім Ильясова, №4 орта мектебінің оқушысы:

– Байқауға қатысатын топ көп болды. Бойымызда қорқыныш болса да бар күшімізді жинап келіп отырмыз. Өте қиын болды, бірақ біз бәрін жеңіп шықтық және өз өнерімізді көрсеттік. Әрине, қателік болады бірақ биіміз көңілімізден шықты.

Қатысушылардың өнерін қазылар алқасы бақылап отыр. Олардың қояр талаптары жоғары. Топтар өз өнерлерін көрсету барысында тақырыптан алшақтамауы тиіс. Яғни, әр нөмір заманауи әрі патриоттық бағытта болуы қажет.

Ирина Колодаева, облыстық балалар мен жасөспірімдер шығармашылығы орталығының директорының орынбасары:

– Сайысқа жалпы 18 құрама қатысты. Қазылар олардың билерінің біркелкі әрі сапалы орындалуына мән беріп, өз бағаларын береді. Сондай-ақ, фестивалдің талаптарына сай әр топтың құрамында 20-дан астама ұл-қыз болуы шарт. Шара жоғары деңгейде өтсе, бұл фестивальді дәстүрге айналдыруды көздеп отырмыз.

Фестивальге қатысушылардың барлығы алғыс хатпен марапатталады

 

 

Актолкын Солтанханкызы