БалаларҚоғам

«Малыш» бөбекжай-бақшасына – 50 жыл

Облыс орталығындағы «Малыш» бөбекжай-бақшасына биыл 50 жыл толып отыр. Жарты ғасырлық тарихы бар мектепке дейінгі білім беру мекесіне қазіргі күні 2 мен 6 жас аралығындағы 140-тан астам бала барып жүр. Мерейтойда дәл осы өнерлі ұл-қыздар шағын концерт ұсынды. Олар би билеп, ән шырқап, өздерінің тәтті қылықтарымен көпшіліктің қошеметіне бөленді.

Мұнда балабақшаның ең кіші тобы ойнап жатыр. Бөлмеде бөбектерге барлық жағдай жасалған. 30 балаға шақталған жайлы кереует, түрлі ойыншықтар, сабақ өткізетін орындықтар мен парта бар. 2 мен 3 жас аралығындағы бардырғандардың көбінің тілі әлі шықпаған. Сондықтан, ұл-қыздармен тек білікті мамандар ғана жұмыс істейді.

Лариса Яковлева мұндағы 27 балдырғанның екінші анасындай. Нәзікжандының бұл салада 25 жылдай тәжірибесі бар. Оның негізгі міндеті – ұл-қыздарды дұрыс сөйлеуге үйрету. Қазір бөбектерге сурет салдырып жатыр. Маманның сөзінше, бұл олардың ой-өрісінің дамуына көмектеседі екен.

Лариса Яковлева – «Малыш» бөбекжай-бақшасының тәрбиешісі:

– Тәрбиеші мамандығы өзіме қатты ұнайды. Балаларға қашан да дұрыс тәрбие беруге тырысамын. Өйткені, еліміздің болашағы – осылардың қолында.

Биыл «Малыш» бөбекжай-бақшасының ашылғанына 50 жыл толып отыр. Мерейтойға орай тәрбиеленушілер шағын концерт әзірлепті.

Ортада әдемі қызыл көйлегін киіп қызғалдақтай құлпырған қыздар би билеп жатыр. Бүлдіршіндердің әнге сай тәтті қимылдары үлкендерді сүйсіндірмей қоймайтыны рас. София Осипованың жасы 5-те. Балақай биден бөлек, тақпақ айтқанды ұнатады.

София Осипова – «Малыш» бөбекжай-бақшасының тәрбиеленуші:

 – Мөлдіреген ашық аспан. Алыс кетсем сағынамын. Отаным сен – Қазақстан.

Концертке бөбекжайдың бұрынғы қызметкерлері мен балалардың аналары және әжелері келді. Жиналған қауым бөбектердің өнеріне сүйсініп, қошеметтерін аяған жоқ.

Светлана Чечушкова – «Малыш» бөбекжай-бақшасының директоры:

– Біздің балабақшаға жылына 50-ге жуық бала келеді. Мұнда оларға қажеттігінің барлығы қамтылған. Асхана, ойнайтын және түс кезінде тынығатын бөлмелар бар. Бөбектерге қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде сабақтар өткізіп отырамыз.

Жалпы, бүгінде «Малыш» бөбекжай-бақшасына 2 мен 6 жас аралығындағы 140-тан астам бүлдіршін барып жүр.

 

Маржан Касымбек