Құқық қорғау органдары

Нашақорлыққа қарсы күрес шаралары

Өңір полицейлері нашақорлыққа қарсы күрес шараларын өткізіп жатыр. Қауіпті індеттің жастар арасында белең алуын болдырмау мақсатында білім нысандарында сенім жәшіктерін орнатуда. Оған кез келген адам есірткі таратушылар туралы ақпаратты анонимді түрде хатқа жазып қалдыра алады.

Айта кеткен жөн, өткен жылы облыста синтетикалық есірткі қолдану бойынша 52 факті тіркелген. Ал үстіміздегі жылдың басынан бері 28 жағдай анықталыпты. Оның 5-еуіне кәмелет жасқа толмағандардың қатысы бар. Сондай-ақ, мамандар қаладағы 400-ден астам ғимарат қабырғасынан есірткі туралы граффити-жазулардың көзін жойған.

Жандос Басыбаев, СҚО ІІД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы:

– WhatsApp желісінде біздің арнайы чатымыз бар. Егер тұрғындар ғимарат ғабырғаларындағы өрескел граффити-жазуларды көрсе, чатқа суретке немесе видеоға түсіріп жіберулерін сұраймыз. Мамандар бұндай бояуларды лезде өшіріп тастайды.

Култанов Байболат