Спорт

Хоккейшілеріміз сенімді ақтамауда

Өткен аптаның соңында жергілікті “Құлагер” хоккей клубы павлодарлық Ертіс командасымен кездесті. Сырт айдында ұйымдастырылған қос матч тартысқа толы болды.

Алғашқы ойында павлодарлықтардың айы оңынан туды. Олар солтүстікқазақстандық спортшыларды 4 те 2 есебімен тізе бүктірді. Ал келесі бәсекеде жерлестеріміз есе қайтарды. Біздің жігіттер көрші өңірдің имек таяқ шеберлерін 0 де 2 есебімен ұтты. Қазір петропавлдық құрама 33 ұпаймен турнирлік кестенің 9-шы сатысында тұр. Енді келесі кездесулерін қарашаның 26-сы және 27-сі күндері Өскемен қаласында “Алтай Торпеда”-ға қарсы өткізеді.

Култанов Байболат