Қоғам

Петропавлда қаракүзен, мутон ішіктер мен тондардың көрмесі өтеді

Сәнқой нәзікжандылардың құлағына алтын сырға. Қарашаның 23-і мен 25-і аралығында Жастар сарайында түрлі талғам мен сұранысқа сай келетін ішіктердің көрмесі өтеді. Ресейлік компания қаракүзен мен мутоннан тігілген тон-ішіктердің түр-түрін ұсынбақшы.

«Белка» компаниясы тұрғындар тарапынан жоғары сұранысқа ие ішіктердің түр-түрін ұсынбақшы. Мәселен, нәзікжандыларға арналып қаракүзеннен тігілген өнімнің сәнді үлгілері әкелінеді. Сондай-ақ, қыз-келіншектер арасында қазір аса танымал тондар мен ашық түсті классикалық сыртқы киімдер де бар. Бағалары сан алуан. Қалтаны қақпайтынын әп-сәтте таңдап алуға мүмкіндік бар.

Сергей Котов – «Белка» ішіктер компаниясының аға сатушысы, РФ:

– Қыз-келіншектердің басым бөлігінің таңдауы қаракүзен тондарға түседі. Сондықтан, мұндай ішіктердің бірнеше сәнді үлгісі әкелінеді. Сыртқы киімдердің түстері де сан алуан болады.

Ішіктер бірінен бірі өтеді. Мамандар аталым ауқымы кең болғандықтан келушілердің әрбіреуіне кеңес беріп, көмек қолын созамыз деп отыр. Дене бітімі, бойы мен талғамына сай олар нәзікжандыларға арманындағы сыртқы киімді ұсынбақ. Әрі ішіктердің сапасы аса жоғары.

Сергей Котов – «Белка» ішіктер компаниясының аға сатушысы, РФ:

– Тон-ішіктердің сапасын тексеру оп-оңай. Мәселен, жеңін уыста бір-екі секундтай қысып ұстап тұрып, жібере салу керек. Қыртыс қалмаса дүние сапалы дегенді білдіреді. Мұндай тон-ішіктер қатарынан 15 маусымға дейін шыдас береді.

Айта кетейік, ресейлік «Белка» компаниясының ішіктер мен тондар көрмесі қарашаның 23-і мен 25-і аралығында Жастар сарайында өтеді.

Маржан Касымбек