Білім

Жергілікті жастар кәсіби шеберлік сайысынан үш жүлдемен оралды

«WorldSkills Kazakhstan 2019». Елордада қарашаның 11-і мен 15-і аралығында V республикалық кәсіби шеберлік чемпионаты өтті. Оған 38 мамандық бойынша 400-ден астам – өз ісінің шебері қатысқан. Байрақты бәсекеде өңір намысын 14 сала бойынша 17 жас қорғап, 2-уі – алтын, 1-уі қола медаль еншілеген. Жеңімпаз атанғандардың бірі -Владимир Смирнов. Ол “Құрғақ құрылыс және сылақ жұмыстары” мамандығы бойынша сынға түскен екен. Гипсокартоннан 3 қабырғаны жерлесіміз талапқа сай әрі сапалы қылып жасап берген. Нәтижесінде Владимирге 100 мың теңгеге сертификат пен арнайы құралдар жиынтығы табыс етіліпті.

Владимир Смирнов: «WorldSkills Kazakhstan 2019» кәсіби шеберлік чемпионатының жеңімпазы:

– Мен бірінші орын аламын деп ойлаған жоқпын. Уақыт есепке алынбаса да қарсыластарым өте шапшаң болды. Олар берілген тапсырманы аз уақытта орындап шықты. Бірақ, менікі сапалырақ болды. Сайыстың әділ өткеніне қуаныштымын.

Актолкын Солтанханкызы