Тұлға

Г.Бельгердің өмірі мен шығармашылығына арналған жобалар байқауы

«Үш тіл, үш мәдениеттің тоғысындағы жасампаз». Осындай атаумен шаһарда ГЕрольд БЕльгердің 85-жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылған республикалық жобалар байқауының қортындысы мәлім болды. Қазақ, орыс және неміс әдебиетін ұштастырған қаламгердің өмір жолы мен шығармаларын зерттеуге еліміздің түкпір-түкпірінен 25 адам қатысқан екен.

Байқауға қатысушылар “Тарихы ерекше адам”, “Публицистикасы мен эссеистикасы”, “Г.Бельгердің шығармасындағы өскелең ұрпақ” сынды тағы 4 тақырыпта жоба дайындаған болатын. Негізі, республикалық деңгейдегі тартысқа өңірімізден 15-ке жуық адам қатысыпты. Гер ағаның шығармашылығын зерттеп, жеңімпаз атанған бұрымды қаламгердің жерлесі екен. Айшагүл Ашимова өзінің Герольд Белгердің өскен ауылында дүниеге келгенін мақтан тұтады. 11-сынып оқушысы жобалар байқауына қатысу үшін көп еңбектеніпті.

Айшагүл Ашимова- республикалық жобалар байқауының жеңімпазы, Шал ақын ауданы:

– Кітапханашыдан деректер алдым, кітаптар мен газет беттеріндегі мақалаларды оқыдым. Кейін Героль Бельгердің отбасын танитын ауылдағы үлкен ақсақалдардан сұрастырдым. Солардың барлығын негізге ала отырып осы жобаны құрдым.

Шарада Герольд Бельгердің қаламынан туған шығармалар да қаз-қатар тізілген. Жиынға қатысушылар бұл туындыларға тоқталып қана қоймай, Гер аға туралы естеліктерімен бөлісті.

Сабыр Ибраев- «Рухани жаңғыру» әлеуметтік-гуманитарлық зерттеу институтының директоры, тарих ғылымдарының кандидаты:

– Герольд Бельгермен бірнеше рет жүздестім. Аз уақыт болса да бұл сәттен менің өмірімде өшпес естеліктер қалды. Мен ол кісінің әдебиетке деген құштарлығына таң қалатынмын. Қазақ тілін жетік меңгеріп, қазақ әдебиетінің дамуына елеулі үлес қосқан азамат.

Бүгінде өңірімізде Герольд Бельгерге арналған музей бар. Ол Петропавл гуманитарлық-техникалық колледжінде орналасқан. Сондай-ақ, Сергеевка қаласының бір көшесіне Гер ағаның есімі берілген. Алдағы уақытта қаламгердің оқырмандары жерлесімізге арнап шаһарда ескерткіш орнатуды жоспарлап отыр.

 

 

 

Актолкын Солтанханкызы